Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бүгін мектеп директоры Омарханов Ернұр Аханұлы №11 мектеп-лицей директоры Бауыржан мырзамен бірге “Минералогия музейіне” барып, музейдің бас директоры “Құрмет”, “Парасат” орденінің иегері Исмаилов Олжабай ағаның ұлт болашағы үшін жасаған ерен істеріне риза болып қайтты.
Сонымен қатар Олжабай аға мектеп музейіне кітап сыйлап, алдағы уақытта академик Қаныш Сәтбаев музейімен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты.
Келешекте мектеп оқушылары мен студенттеріне еліміздің барлық қазба байлығын осы мұражайдан көруге кеңес береміз.
Мекенжайы: Астана қаласы, Ш. Иманбаева, 7В.