Мектебіміздің 10 "А", 10 "Ә" сынып оқушыларын жаратылыстану мұғалімдері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің химия, биология пәндерінің лабораториялық кабинеттерін таныстыру және де оқушыларды мамандыққа баулу мақсатында апарып көрсетті.
Оқушылардың агроном саласына деген көзқарастары кеңейіп, ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.