КазМедиа орталығында орналасқан "Жібек Жолы" телеарнасында өткізілген "Жақсы адамдар" музыкалық бағдарламасына мектебіміздің 10 "Б", 10 "В" сынып оқушылары көрермен ретінде қатысып, ерекше әсер алып қайтты.
Өнер жұлдыздары, олардың өмір жолы, сүйікті әндер, әзіл-қалжың – бұл жобаның да өзегі.
Өнердің өз өкілдеріне айналған танымал жұп Қыдырәлі мен Қарақат әншілеріміз жүргізетін "Жақсы адамдарым" бағдарламасында отандық мәдениет саласының майталмандары бас қосты.
Ерекше талантымен көрермен жүрегін жаулаған ең танымал, ең үздік жандар қатысатын жобада ән де, би де, сырлы сұхбат та, тосын сый да болды.