Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мектебіміз Академик Қаныш Сәтбаевтің атымен аталғанғандықтан, академиктің туған жері мен Баянауылдағы музейін көріп,танысу мақсатында Баянауыл өлкесіне ҰЖЫММЕН саяхаттап қайтық. Баянтау, Баянауыл, Баянаула... деп жазушы Несіпбек Айтұлының "Қаныш" поэмасында жырлағандай табиғаты тамаша, ауасы таза, жан-жануар, өсімдіктер, киелі жерлерге бай өлке екен. Осы турды ұйымдастырған @aliba.travel дің ұл-қыздарына алғысым шексіз. Ақшасы да қолжетімді, сонымен қоса фото, видео, түскі, кешкі ас тегін. Көңілді музыка, кішіпейіл, тәрбиелі ұл-қыздар, комфортный автобус. Сондай-ақ осы бастаманы бастаған мектебіміздің директоры Ернұр Аханұлына, қолдаған әріптестеріме, демеушілік білдірген кәсіподақ ұйымына ЗОР РИЗАШЫЛЫҒЫМДЫ білдіреміз.
Біздің ұжым-ең керемет ұжым. 👏🙏🌹🇰🇿⚜️