Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🎉Лагерь 3-ші күн.
Бүгін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акимбекова Орал Жакеновна "Айгөлек" лагерінің "Раушан" тобының балаларымен «Ертегі немесе әңгіме құрастырып, айтып бер» дидактикалық ойынын жүргізді.
МАҚСАТЫ:
* балаларды өздерінiң салған суреттерi арқылы ертегілер мен әңгімелер құрастыруды үйрету.
* логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту
* дұрыс сөйлеуді, ойлауды, есте сақтауды және зейінді дамыту
* сөздік қорын молайту
Бұл ойын арқылы бала ертегілер мен әңгімелер ойлап табуды үйренеді, оның сөйлеу әрекеті дамиды, құрбыларына өзінің ертегісін немесе әңгімесін айтуға ынтасы пайда болады, шығармашылық қиялы дамиды.
Оқушылар топтық жұмыстарды жақсы жасап, ерекше көзге түскен балаларды мұғалім мадақтады.