Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Әлеуметтік педогогтің 2023-2024  оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқтатылып, оған заман талабына сай көмек, қолдау көрсету, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік реабилитация мен  бейімделуіне, жұмысқа орналасуы мен тұрғын үй кезегімен қамтамасыз ету жұмыстарын талдап, жандандыру.

 

Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты: оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші ғана емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Әлеуметтік педагогтың міндеттері:

  • балалардың құқықтарын қорғау үшін әртүрлі әлеуметтік қызмет өкілдерімен жұмыс жүргізу;
  • оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік- педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
  • тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, отбасының, микроортасының психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу;
  • оқушымен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның, мектептің арасындағы келістіруші міндетін атқарады;
  • аз қамтылған отбасы балаларының үйірмелермен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау;
  • ерекше білімді қажет ететін оқушылармен және үйде оқытылатын оқушылардың құқықтарын қорғайды және олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасайды;
  • тұл жетім, қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы балалармен жұмыс жүргізеді;
  • мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың есебін үнемі жүргізіп отыру;
  • мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, күн көріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан балалармен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасы балаларының уақытылы әлеуметтік көмек алуын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін және жазғы лагерьлермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 

Қызмет түрі

Мерзімі

Жауаптылар

Есеп беру нысандары

Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттарды жүргізу

 

Заңнамалық актілер. Заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер құжаттар базасын жинақтау.

тамыз

әлеуметтік педагог

жоспар

2.      

Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспарын құру

тамыз

әлеуметтік педагог

жоспар

 

«Жалпыға міндетті оқу қоры», «Мектепке жол» акциясы мен жалпыға міндетті оқуды жүзеге асыру айлығын ұйымдастыру.

Әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан оқушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

тамыз

әлеуметтік педагог

акция аясында

 

Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан, қамқорлыққа алынған, атаулы әлеуметтік көмек алатын  оқушылардың құжаттарын жинақтау.

Әр сыныптың әлеуметтік паспортын жинақтау.

қыркүйек

әлеуметтік педагог

ДТЖЖО

Пед. кеңес анықтама

 

Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын сынып жетекшілермен бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектептің әлеуметтік төлқұжатын жасау.

·        Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар;

·        Ерекше білімді қажет ететін оқшылар, үйде оқытылатын оқушылар

·        Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар

·        Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар

·        Көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар

·        Жартылай жетім отбасынан шыққан оқушылар

·        Мектепте оқитын мүгедектігі бар оқушылар

·        Өгей ата-анамен тұратын оқушылар (өгей әкемен тұратын, өгей анамен тұратын)

·        Жақын және алыс шет ел азаматтығы бар оқушылар

·        Қандас отбасыдан шыққан оқушылар

қыркүйек

әлеуметтік педагог

сынып жетекшілер

Құжаттарын жинақтау

 

Мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып ыстық тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларын бір мезгіл  қоғамдық ыстық тамақпен қамту бойынша  жұмыстар жүргізу.

тамыз

әлеуметтік педагог ДТЖЖО

Пед. кеңес анықтама

 

Балалық шақтың құқұғын қорғау жұмысы

 

«Мектептегі бала құқығы» оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

қыркүйек

әлеуметтік педагог

психолог

ДТЖЖО

анықтама

2.      

Жақын маңдағы медицина мекемесінің қызметкерлерімен медициналық тақырыптар бойынша лекциялар, әңгімелер және кеңес беру

Жарты жылдық

әлеуметтік педагог медбике

ДТЖЖО

сынып жетекші

Пед. кеңес анықтама

 

«Өмір құндылығы» 8-11 сыныптар тренинг

қараша

әлеуметтік педагог сынып жетекшілер психолог

анықтама

 

«Отбасым бақыт мекенім» тақырыбында орта буын (5-7) санаптарында эссе жазу.

желтоқсан

әлеуметтік педагог психолог

сынып жетекшілер

анықтама

5.      

Жаңа жылдық әкімдік және  президенттік шырша мерекесіне әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың қатысуын ұйымдастыру.

желтоқсан

әлеуметтік педагог ДТЖЖО

 

Әр түрлі есепте тұрған оқушылармен жеке профилактикалық жұмыс

 

Үйде оқытылатын оқушылардың үй жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу, ата-аналарына психологиялық-педагогикалық әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу.

жылына екі рет

әлеуметтік педагог

психолог

ДТЖЖО

Акт

қамқоршының есебі

 

Әлеуметтік педагогикалық қолдауды  қажет ететін (жаңадан анықталып, проблемалық жағдайға тап болған)  отбасынан шыққан оқушылармен кешенді жұмыстар жүргізу 

Тоқсан сайын

ДТЖЖО

сынып жетекші

әлеуметтік педагог

педагог психолог

анықтама

 

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан оқушылардың  мектепішілік  және қала сыртындағы лагерьде демалуын қамтасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру

мамыр

әлеуметтік педагог

ДТЖЖО

 

оқушы құжаттарын жинау

 

Диагностикалау-талдау қызметі

 

«Мен тұлғамын/ Мен және менің әлемім» 5-7 сыныптар дөңгелек үстел

қаңтар

әлеуметтік педагог

психолог

сынып жетекші

анықтама

 

Оқушылардың отбасындағы қарым қатынасты анықтау мақсатында «Отбасымдағы өз ойым, өз орным» сауалнамасын алып, диагностика жүргізу.

1-11 сыныптар аралығы.

ақпан

әлеуметтік педагог психолог

анықтама

 

Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.)  өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы

 

 

Жетім және қамқорлықтағы оқушылардың, үйде оқытылатын оқушылардың үйлеріне барып зерделеу жұмыстарын жүргізу

жыл бойы

әлеуметтік педагог

педагого психолог

сынып жетекші

педагог ұйымдастырушы

ДТЖЖО

Мектеп инспекторы

болған жағдайда

 

Сабақтан себепсіз қалып кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылған оқышылармен (бар болған жағдайда)  психологиялық педагогикалық, әлеуметтік жұмыс жүргізу.

жыл бойы

 

 

Ата-анасынан бөлек туыстарымен  тұратын оқушылардың отбасылық , әлеуметтік жағдайын бақылау

жыл бойы

 

 

Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс

 

 

Ата-аналар жиналыстарына қатысу;

Сынып жетекшілерінің  әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау.

І.ІІ.ІІІ.ІV тоқсан

әлеуметтік педагог

ДТЖЖО

психлог

хаттама

 

Аудандық әкімшілік, және қалалық жұмыспен қамту орталығымен байланыста болып, АӘК алушы отбасылардың тізімін тоқсан сайын алып отыру, оқушыларды анықтау,

І.ІІ.ІІІ.ІV тоқсан

әлеуметтік педагог

сынып жетекші

 

 

«Отбасы жарастығы» дөңгелек үстел ата-аналармен

наурыз

Әлеуметтік педагог

психолог

ДТЖЖО

сынып жетекші

хаттама

4.      

Диагностикалау-талдау қызметі

5.      

Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебі

мамыр

әлеуметтік педагог

SWOT талдау

6.      

Келесі жаңа оқу жылына жоспар құру

мамыр

әлеуметтік педагог

Жоспар әзірлеу