Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 21.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Бүгін мектебімізде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 0-9 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысып, мектебіміздің директоры Омарханов Ернұр Аханұлы мен Білім басқармасының бас маманы Шамшиев Құттымұрат Кенесович құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қонаққа келген Аю мен Қоян кейіпкерлеріміз балалармен бірге ән салып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Балаларға жазғы көңіл-күй мен жақсы демалыс тілейміз!!!
Бүгін Есіл өзенінің жағасында орналасқан амфитеатр сахнасында Балаларды қорғау күніне арналған іс-шарада 1200 бала Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады.
Соның ішінде "Шабыт" оркестрінің 64 домбырашылары да өз үлестерін қосты.
Жетекшісі Бақыт Шөкібайұлы мен оқушыларымызға алғыс айтамыз.