Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға "Ұлттың ұлы тұлғасы" атты қалалық байқауының "Әлихан жүрген ізбенен..." номинациясы бойынша мектебіміздің 8 "Г" сынып оқушысы Тагаев Асылхан жүлделі І орын иеленді.
Бүгін мектебімізде қазақтың біртуар перзенті, ғұлама-ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Қаныш» республикалық конференциясы өткізілді.
Республикалық конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты «Қаныш Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-корреспендент мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі Алтынбек Нухұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Қаратабанов Руслан Әділханұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сәтбаевтанушы-ғалым, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, тарихи музейінің бас маманы Аспандияр Әденұлы, Ұлтытау облысы «М.Төрегелдин» атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің қызметкері Капарова Үрзия Капаровна, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директордың ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары Жұмагелді Нұрлан Мұғинұлы, алаштанушы Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан қатысты.
Конференцияға келген қонақтар «Шаттық - 2023» XVI қалалық шығармашылық байқауының «Алтын медаль» иегері, «Шабыт» оркестрінің «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлерін тыңдап, Академик Қаныш Сәтбаев мұражайын аралады.
Конференция мектеп оқушылары мен ұстаздарының «Қазақтың Қанышы» атты сахналық қойылымымен басталды. Конференция соңында алғашқы рет «Бұл – Қаныш Сәтбаев мектебі» атты мектеп гимні орындалды.
Пленарлық отырыстың алғашқы құттықтау сөзі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлына берілді.
Конференцияның модераторы - Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің директоры, «Болашақ» халықаралық стипендиатының иегері, Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың авторы, педагогика және психология магистрі, Омарханов Ернұр Аханұлы.
Конференция өз жұмысын үш секциялық отырыста жалғастырды:
1-бағыт. Қазақстанның дамуындағы ұлы ғалымның рөлі.
2-бағыт. Қаныш Сәтбаев мұрасы: тарих, әдебиет, білім, өнер саласы
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай 2010-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Бокстан республикалық ашық біріншілігі өткізіліп, мектебіміздің бірнеше оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:
І орын Болатбек Еркебұлан 8 "Г" сынып оқушысы;
І орын - Аманбай Амир 5 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІ орын - Сагатов Абылайхан 4 "Г" сынып оқушысы;
ІІІ орын Сагидуллаев Илияс 6 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІІ орын Асылханұлы Оразали 6 "Ә" сынып оқушысы;
ІІІ орын Әбдукарім Мұхамет 8 "Г" сынып оқушысы.
Жаттықтырушысы Болатбек Жансерік Алмуханбетұлын және жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!