Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас құру және коммуникативті дағдыларын дамытуды нығайту мақсатында «Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады?» жас мұғалімдерге арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында жас мамандарға психологиялық ахуалды жақсарту үшін әр-түрлі тренинг-жаттығулар жүргізілді.
Қатысушылар топтық жұмыс арқылы жасөспірімдердің негізгі мәселелерін анықтау және мәселеден шығу жолдарын қарастырды.
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәлімгер ұстаз Нұргүл Есенкелдіқызының ұйымдастыруымен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері туралы коучинг-сессиясы өтті.
Коучинг барысында Блум таксономиясының танымдық деңгейлеріне сұрақтар мен тапсырмалар жасалды.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлету, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастырып, талдау жасауға үйретіп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Біздің міндетіміз - оқушыларға білім беруде жаңа технологиялармен бірге жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын жан-жақты дамыту.
Осыған байланысты бүгін мектебімізде “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер” жәрмеңкесі өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің күнделікті сабақта қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерін мектеп мұғалімдерімен бөлісті.
Жоспарға сәйкес қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, тәлімгер Сағиева Гульайм Құмарбекқызының ұйымдастыруымен жас ұстаздарға арналған “Оқу мақсатынан сабақ мақсатына шығу жолдары” атты коучинг өткізілді.
Коучинг барысында жас ұстаздар теориялық, практикалық жұмыстар жасап, оқу қоржындары тағы бір қажетті мәліметтерге толығып қайтты.