"Алаштың ақсұнқары" І аймақтық "Ақселеу" оқулары 2022 жылдың 1 желтоқсанында өткен болатын.
Оқулар 3 бағыт бойынша өтті.
"Ақселеу шығармалары мектеп сахнасында" номинациясы бойынша: 5 "Г" сынып оқушылары Жақсыжанұлы Бақкелді, Жомарт Нұрай, Идрис Инжу, Нурмаханова Назерке, Қадыр Ислам - ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Сагиева Гульайм Кумарбековна.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2022 жылдың 12 қараша күні өткізілді.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша:
Орыс тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысы Турежанова Хадиша ІІ-орын иеленді.
Жетекшісі Абдрахманова Жанат Кайдауловна.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ НӘТИЖЕСІ:
Ағылшын тілі пәні бойынша:
Найманов Галымжан 10 "А" сынып оқушысы - ІІ орын;
Жетекшісі: Букенбаева Гульмира Октябрятовна.
Қазақстан тарихы пәні бойынша:
Култасова Жанерке 11"Б" сынып оқушысы - ІІ орын;
Жетекшісі: Ахметжанова Гульмира Сергалиевна.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
Олимпиадада мектебіміздің намысын 29 оқушы қорғады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектеп қоржынында:
І орын - 1;
ІІ орын - 1;
ІІІ орын -11;
Грамота - 3.
Физика пәні бойынша:
11 "Ә" сынып оқушысы Жұман Аружан ІІІ орын.
Жетекшісі: Ешимова Нургул Абдухакикатқызы.
«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2023 жылдың 1 наурызында қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды.
Қатысушылар ойын барысында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің (А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Шоқай, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Х.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасұлы, М. Тынышбайұлы) өмірбаяны мен шығармашылығынан тұратын сұрақтарға жауап берді.
Аталған іс-шараға мектебіміздің 8 "В" сынып оқушысы Сеилбай Айгерім мен жетекшісі тарих пән мұғалімі Абжанов Серикжан Тулеужанович қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы:
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізілген 2-7 сынып оқушыларына арналған Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы 2023 жылдың 6 қаңтарында өткізілді.
2022-2023 оқу жылы 8-11 сынып оқушыларына арналған Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ қалалық кезеңінде мектебіміз "ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА -2022" номинациясы бойынша І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.