Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Ы. Алтынсарин атындағы BINOM school мектеп-лицейі және "SAPA" жаңа ұрпақ орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық "BINOM RoboTech" роботехника сайысына белсене қатысып, жас ұрпаққа өнерге деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытуға қосқан үлесі үшін Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
Сонымен қатар төмендегі оқушылар ақшалай сертификатпен марапатталды.
Токберген Нурислам - 8 "А" сыныбы.
Бегімбай Алихан -6 "Б" сыныбы.
Нұрмахан Жангельді -8 "А" сыныбы.
Шермаханбет Бакдаулет -6 "Б" сыныбы.
Қатысушы оқушылар мен жетекшісі Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлын құттықтаймыз!
Шахматтан өткен қалалық жарыста мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Қасенхан Нұрасыл ІҮ разрядты қорғау бойынша орын иеленсе, 4 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Тәңірберген ІҮ разряд нормасын орындап сертификатқа ие болды.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлын және жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Астана қаласы бойынша кiшi жасөспірімдер мен балалар арасында кикбоксингтен ашық клубтық турнирiнде 2010-2011 жас тобында 51 кг салмақ дәрежесінде 7 "А" сынып оқушысы Алмасұлы Алдияр дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Республика күніне орай ұйымдастырылған "Туған елге тағзым" атты мектепаралық патриоттық әндер байқауында 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр ГРАН ПРИ иегері атанып дипломмен марапатталса, жетекшісі Алтай Берікбол алғыс хатпен марапатталды.
Оқушымыз Мансұрды жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Әуен көгінде әуелеп, әлем әншісі болуына шын жүректен тілектеспіз!