Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🏀Өзбекстан елі Номанган қаласында Баскетболдан өткен Халықаралық турнирде Астана құрама командасы ІІ орын алды.
Команда құрамындағы МЕКТЕБІМІЗДІҢ 9 "Г" сынып оқушысы Сағидуллаев Әлдамир да ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
 
♟Қалалық шахмат жарысында Ү разрядты қорғау кезінде мектебіміздің оқушылары жеңімпаз болды. Атап айтсақ:
І орынға ие болғандар:
Мұқаметәліұлы Нұрасыл-0 "А" сынып оқушысы;
Жарқынбек Айсұлтан-1 "А" сынып оқушысы;
Жұмабай Жанали-2 "В" сынып оқушысы;
Абзалқызы Нұрай-2 "А" сынып оқушысы;
Құрманғазы Арнат-0 "А" сынып оқушысы.
ІІ орынға ие болғандар:
Әлім Асанәлі-0 "Б" сынып оқушысы;
Жүніс Мариям-1 "Ә" сынып оқушысы;
Бақытжанқызы Айғаным-2 "Ә" сынып оқушысы;
Балғатай Нияз-0 "А" сынып оқушысы.
ІІІ орынға ие болғандар:
Болатбек Айару-1 "В" сынып оқушысы;
Жетекшісі: Булгиев Бақтығали Темірғазыұлы.
Құттықтаймыз! Жеңімпаз оқушыларымыз көп болсын!
 
 

 

"Дарындар ALEMI" ХҮІІ Халықаралық жасөспірімдер мен жастарға арналған "Жас дарын" өнер байқауында 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын І орынға ие болды.
Жетекшісі Өмірзақ Ертай Өмірзақұлы. Құттықтаймыз!
🏀Астана қаласының Баскетбол Федерациясының ұйымдастыруымен Республикалық 2008-2009 жылғы оқушылар арасындағы "Nauryz Cup" баскетбол турниріне қатысып жүлделі ІІ орын алса, 2006-2007 жылғы оқушылар арасында І орынға ие болды.
11 "А" сынып оқушысы Әлібек Баймұса және 9 "Г" сынып оқушысы Сагидуллаев Әлдамир жарыстың "Үздік ойыншылары" номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаз спортшыларымызды және жаттықтырушысы Кайркулова Жанат Алданазаровнаны МЕКТЕП ҰЖЫМЫ құттықтайды.
Спортшыларымызға одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
 
 
Астана қаласында өткен республикалық «SHASHU» республикалық іріктеу байқауында "Шабыт" ансамблі І орынға ие болды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Құттықтаймыз!!!
 
 
 
Бүгін Астана қаласы Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында VII халықаралық «SHASHU» фестиваль байқауында
"Ұйқыдағы ару" биімен 8-10 жас аралығында "Бастау" би тобы ІІ ОРЫН иегері атанды.
Жетекшісі Омар Бекмұрат.
Құттықтаймыз!