Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай 2010-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Бокстан республикалық ашық біріншілігі өткізіліп, мектебіміздің бірнеше оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:
І орын Болатбек Еркебұлан 8 "Г" сынып оқушысы;
І орын - Аманбай Амир 5 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІ орын - Сагатов Абылайхан 4 "Г" сынып оқушысы;
ІІІ орын Сагидуллаев Илияс 6 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІІ орын Асылханұлы Оразали 6 "Ә" сынып оқушысы;
ІІІ орын Әбдукарім Мұхамет 8 "Г" сынып оқушысы.
Жаттықтырушысы Болатбек Жансерік Алмуханбетұлын және жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін Астана қаласы Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында мектебіміздің "Бастау" би тобы «DANCE STARS» халықаралық би байқауында "ДУМАН" биімен 12-14 жас аралығында І ОРЫН ИЕГЕРІ және де "Ұйқыдағы ару" биімен 8-10 жас аралығында І ОРЫН ИЕГЕРІ атанды.
Pro eco республикалық конкурсының қалалық кезеңінде "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Нурмаханов Жангелді жүлделі ІІІ орын иеленді.
Балалар музыка мектебі мен өнер мектептерінің білім алушылары арасында өткен жас орындаушылардың ІІІ қалалық "Шырқалады әсем ән" байқауында "Жеке орындау" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушысы Ермек Гүлсезім ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі Самарханова Назерке Блимбековна.
Астана қаласы мектептері арасында өткізілген баскетболдан 5-6 сынып ер балалар арасында өткен қалалық жарыста №61 мектеп - лицей командасы І орын алып, мамыр айында Семей қаласында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды.
"Алтын құлын" дәстүрлі ән, жыр-терме жас орындаушыларының онлайн республикалық байқауында 7 "А" сынып оқушысы Ермек Гүлсезім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз
Ы. Алтынсарин атындағы BINOM school мектеп-лицейі және "SAPA" жаңа ұрпақ орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық "BINOM RoboTech" роботехника сайысына белсене қатысып, жас ұрпаққа өнерге деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытуға қосқан үлесі үшін Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
Сонымен қатар төмендегі оқушылар ақшалай сертификатпен марапатталды.
Токберген Нурислам - 8 "А" сыныбы.
Бегімбай Алихан -6 "Б" сыныбы.
Нұрмахан Жангельді -8 "А" сыныбы.
Шермаханбет Бакдаулет -6 "Б" сыныбы.
Қатысушы оқушылар мен жетекшісі Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлын құттықтаймыз!