Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана қаласында өткен республикалық «SHASHU» республикалық іріктеу байқауында "Шабыт" ансамблі І орынға ие болды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Құттықтаймыз!!!
 
 
 
Бүгін Астана қаласы Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында VII халықаралық «SHASHU» фестиваль байқауында
"Ұйқыдағы ару" биімен 8-10 жас аралығында "Бастау" би тобы ІІ ОРЫН иегері атанды.
Жетекшісі Омар Бекмұрат.
Құттықтаймыз!
Астана қаласында өткен республикалық «SHASHU» іріктеу байқауында 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджанов Мансұр ГРАН ПРИГЕ ие болды.
Құттықтаймыз! Алар асуың биік болғай!
 
🥊Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай 2010-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Бокстан республикалық ашық біріншілігі өткізіліп, мектебіміздің бірнеше оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:
І орын Болатбек Еркебұлан 8 "Г" сынып оқушысы;
І орын - Аманбай Амир 5 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІ орын - Сагатов Абылайхан 4 "Г" сынып оқушысы;
ІІІ орын Сагидуллаев Илияс 6 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІІ орын Асылханұлы Оразали 6 "Ә" сынып оқушысы;
ІІІ орын Әбдукарім Мұхамет 8 "Г" сынып оқушысы.
Жаттықтырушысы Болатбек Жансерік Алмуханбетұлын және жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
 
 
💃Бүгін Астана қаласы Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында мектебіміздің "Бастау" би тобы «DANCE STARS» халықаралық би байқауында "ДУМАН" биімен 12-14 жас аралығында І ОРЫН ИЕГЕРІ және де "Ұйқыдағы ару" биімен 8-10 жас аралығында І ОРЫН ИЕГЕРІ атанды.
Жетекшісі Омар Бекмұрат. Құттықтаймыз
 
♟Шахматтан қалалық жарыста Ү разряд қорғауда мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
І орын - Тасболат Тимутшын 3 "Б" сынып оқушысы;
І орын - Нұрлан Ақназар 1 "Б" сынып оқушысы;
ІІ орын - Нишанбек Тамерлан 3 "А" сынып оқушысы.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлын және жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!
  
Pro eco республикалық конкурсының қалалық кезеңінде "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Нурмаханов Жангелді жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Пакизеева Айкерим Егембердиевна.
Алар асуларымыз көп болғай! 🙌🏻
🎼🎤Балалар музыка мектебі мен өнер мектептерінің білім алушылары арасында өткен жас орындаушылардың ІІІ қалалық "Шырқалады әсем ән" байқауында "Жеке орындау" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушысы Ермек Гүлсезім ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі Самарханова Назерке Блимбековна.
Құттықтаймыз!
 
🏀Астана қаласы мектептері арасында өткізілген баскетболдан 5-6 сынып ер балалар арасында өткен қалалық жарыста №61 мектеп - лицей командасы І орын алып, мамыр айында Семей қаласында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды.
Жарыстың "Үздік ойыншы" номинациясымен 6 "Ғ" сынып оқушысы Сағидуллаев Илияс марапатталды.
Бапкері Кайркулова Жанат Алданазаровна мен чемпиондарымызды МЕКТЕП ҰЖЫМЫ құттықтайды.
🏆🥇🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇
 

🎼"Алтын құлын" дәстүрлі ән, жыр-терме жас орындаушыларының онлайн республикалық байқауында 7 "А" сынып оқушысы Ермек Гүлсезім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз👏👏👏