Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🎈Лагерь 5-ші күн.
Бүгін "Айбынды маусым" әскери-спорттық лагерінде балалар автоматты құрастырып-жинау, пневматикалық қарудан ату, алғашқы медициналық жәрдем көрсету, жергілікті аймақтарда компаспен жұмыс жасауды үйренді.
АӘД мұғалімі Ахатаев Мақсат Оразханович.
 
 
🎈Лагерь 5-ші күн.
"Шеберқолдар" үйірмесі.
 
 
🎈Лагерь 5-ші күн.
📍Археологиялық лагерь бойынша 9- сынып оқушылары Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейінің музейіне барып, танысып қайтты.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан - әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы.
Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi, филология ғылымының докторы, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi.
 
 
🎈Лагерь 5-ші күн.
🖌Бүгін бейнелеу мұғалімі Жумабаева Камшат Куптилеуовна "Айгөлек" балаларымен бірге дәстүрлі емес техникамен сурет салды.
🏈Астана қаласы мектеп оқушыларының Гандболдан 7-8 сынып ер балалар арасында өткен Мектеп лигасында №61 мектеп лицей командасы қалалық кезеңде ІІІ орын алды.
Жарыстың "Үздік ойыншы" номинациясымен мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Мұстафин Ислям марапатталды.
Бапкері Мұратбек Мағжан.
Құттықтаймыз!!!! 🥉🥉🥉🥉🥉🥉🥉🥉🥉🥉
 
 
🎈Лагерь 5-ші күн.
🪴🎍"Өсімдіктер әлемі" лагерінің балалары Елордамыздағы ботаникалық саябаққа барып, өсімдіктер әлемімен танысып қайтты.
Астананың ботаникалық бағы 2018 жылы құрылды.
Ботаникалық бақ ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып саналады. Оның жалпы ауданы 89,177 гектар, соның ішінде: саябақ аймағы — 42,9 га болса, ғылыми ауданы — 46,3 га. Негізгі міндеті — сирек кездесетін және құрып кету қаупі өсімдіктерді сақтау.
Бақта екі жылыжай бар: тропикалық және суккулентті. Бақтан литопстар, непентес, банан, араукария, кумкват, цикад өсімдіктерін кездестіруге болады. Оранжереяның біріне фикус, лимон, драцен, апельсин, папоротник, пальма және басқа да тропикалық мемлекеттерден тасымалданған 1100 өсімдік отырғызылған.
Әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер де бар. Жылыжай ішіндегі климат бірқалыпты, 18-20 градустың шамасында. Әр жылыжайдың аумағы 700 шаршы метр, жалпы 2 мыңнан аса өсімдік түрлері өсіп өнеді.
 
🌿🍀Елордада жасөспірімдер мен жастарды жазғы кезеңде уақытша жұмысқа орналастыру бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы жүріп жатыр.
4 маусымда (сезон) барлығы 36 оқушы қамтылып, жұмыс істеуге қызығушылық танытқан оқушылардың саны артуда.
Олар мектебіміздің ауласындағы талдар мен көшеттерді қопсыту және суару, ағаштар мен көшеттерге күтім жасау жұмыстары арқылы табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына және мектеп ауласының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жұмыстарын жүргізуде.
 
 
 
🟡Лагерь 4-ші күн.
🌿Бүгін мектеп жанындағы "Айгөлек" лагерінің балалары таңғы жаттығудан кейін, мергендіктерін байқау мақсатында ойындар ойнап, Астана саябағына серуенге шықты.
Таза ауа – денсаулық кепілі. Табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады.
Сондай-ақ әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, би билеп, көңіл көтеріліп қайтты.
 
🟡Лагерь 4-ші күн.
Лагерь балалары ЭКСПО алаңында.....
🟡Лагерь 4-ші күн.
Бүгін туризм орталығында баскетбол үйірмесінің балалары қол өнермен айналысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.