Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🟡Лагерь 4-ші күн.
"Шебер қолдар" үйірмесі.
🔸Лагерь 3-ші күн.
"Математика әлемі" және "Тілдер әлемі" лагерь оқушылары Астана саябағында....
 
🔖Лагерь 3-ші күн.
🌿"Өсімдіктер әлемі" лагерь оқушылары микроскоп құрылысымен танысып, өсімдік жасушасының құрылысын, жапырақтың құрылысын көрді. Балаларға микроскоппен жұмыс жасау қызықты болды.
 
Лагерь 3-ші күн.
🏀🏐Баскетбол, волейбол үйірмелері.
 
🎉Лагерь 3-ші күн.
Бүгінгі күннің ең басты қызығы - цирк болды. Оқушылар үйретілген күшіктер мен қояндар, кептерлердің өнерін тамашалап, сиқыршымен бірге түрлі ойындар ойнады.
Цирк өте көңілді өтіп, оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
 
🎉Лагерь 3-ші күн.
Бүгін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акимбекова Орал Жакеновна "Айгөлек" лагерінің "Раушан" тобының балаларымен «Ертегі немесе әңгіме құрастырып, айтып бер» дидактикалық ойынын жүргізді.
МАҚСАТЫ:
* балаларды өздерінiң салған суреттерi арқылы ертегілер мен әңгімелер құрастыруды үйрету.
* логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту
* дұрыс сөйлеуді, ойлауды, есте сақтауды және зейінді дамыту
* сөздік қорын молайту
Бұл ойын арқылы бала ертегілер мен әңгімелер ойлап табуды үйренеді, оның сөйлеу әрекеті дамиды, құрбыларына өзінің ертегісін немесе әңгімесін айтуға ынтасы пайда болады, шығармашылық қиялы дамиды.
Оқушылар топтық жұмыстарды жақсы жасап, ерекше көзге түскен балаларды мұғалім мадақтады.
 

"Математика әлемі". Жазғы лагерь.

🔖Лагерь 2-ші күн.
Балалар робототехника жетекшісі Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлымен бірге робот құрастырса, бейнелеу мұғалімі Жумабаева Камшат Куптилеуовнамен бірге "Бақытты балалық шақ" тақырыбында асфальтқа сурет салып, қызықты ойындар ойнады.
Мектеп кітапханашысы Смайылханова Құралай Каукеновна кітапханадағы қызықты кітаптармен таныстырып, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылардың секіруі арқылы әріптерден сөз құрауын бақылады.
 
 
🇰🇿4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
 
 Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу салтанаты