Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
⚽️Астана қаласы 2012-2013ж, 2014-2015 ж арасында өткен "Лига-2024" футболдан 60 команда қатысқан қалалық чемпионатта:
1-орын. 2012-2013жж оқушылар;
2-орын 2014-2015жж оқушылар иеленіп, марапатталды.
"Үздік ойыншы " номинациясы:
Тирбах Расул 4 "В" сынып оқушысы;
Омарбеков Азамат 6 "А" сынып оқушысы иеленді.
Жетекшісі: Мұратбек Мағжан.
Құттықтаймыз! 🥇🥇🥇🥇🥇🥇🥇👏👏👏
 
Бүгін мектебімізде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 0-9 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысып, мектебіміздің директоры Омарханов Ернұр Аханұлы мен Білім басқармасының бас маманы Шамшиев Құттымұрат Кенесович құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қонаққа келген Аю мен Қоян кейіпкерлеріміз балалармен бірге ән салып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Балаларға жазғы көңіл-күй мен жақсы демалыс тілейміз!!!
💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐
🔸Мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы лагерінің 1-ші күні оқушылар таңғы жаттығу жасаудан бастады.
Мектеп медбикесі Нурболина А. оқушыларға гигиеналық талаптарды түсіндірсе, бейнелеу мұғалімі Жумабаева К.К. оқушыларды асфальтқа сурет салдырды.
Сондай-ақ балалар тәрбиеші мұғалімдермен бірге топтық жұмыстар жасап, логикаларын дамыту мақсатында пазл ойындарын құрастырды.
 
 
Бүгін "Премия Unistar -2024" байқауында мектебіміздің "Шабыт" ансамблі "Шебер күйшілер" номинациясы бойынша Гран ПРИ жеңіп алды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы. Құттықтаймыз!
 
 
🥊1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай қала мектептері арасында өткізілген бокстан жарыста мектебіміздің оқушылары жеңімпаз атанды. Атап айтсақ:
Болатбек Еркебулан - 8 "Г" сынып оқушысы;
Асылханулы Оразәли-6 "Ә" сынып оқушысы;
Азизов Айдос - 9 "Б" сынып оқушысы;
Көшкінбай Мейіржан - 5 "Ғ" сынып оқушысы.
Бапкері Болатбек Жансерік Алмуханбетұлы.
Құттықтаймыз! 👏👏
🏀 1 маусым - Балаларды қорғау күні аясында қала мектептері арасында ұйымдастырылған баскетбол жарысында мектебіміздің командасы І орын иеленді.
Жетекшісі Шайкемелова Мадина Ерланқызы.
Құттықтаймыз 👏👏👏
 
💃1 маусым-Балаларды қорғау күні аясында Экспо алаңында ұйымдастырылған концертке мектебіміздің "Бастау" би тобы да өз өнерін көрсетті.
Жетекшісі Бекмұрат Омарұлы мен оқушыларымызға алғыс айтамыз. 👏
 
🪕Бүгін Есіл өзенінің жағасында орналасқан амфитеатр сахнасында Балаларды қорғау күніне арналған іс-шарада 1200 бала Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады.
Соның ішінде "Шабыт" оркестрінің 64 домбырашылары да өз үлестерін қосты.
Жетекшісі Бақыт Шөкібайұлы мен оқушыларымызға алғыс айтамыз.
⚽️👬1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған 5-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған футбол жарысынан:
І орын - 5 "Ғ" сыныбы;
ІІ орын - 5 "Д" сыныбы;
ІІІ орын - 5 "А" сыныбы иеленіп, мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды. Ұйымдастырушылар дене шынықтыру мұғалімдері Асалов Атабек Әуелбекұлы, Мұратбек Мағжан.
Құттықтаймыз!!!
👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏
 
1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын!
Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!
Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандары орындалсын!
Осындай мерейлі мереке күні балалар мен олардың ата-аналарына қолдау таныту, көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас әсер сыйлау мақсатында шағын концерт ұйымдастырылып, ерекше оқуды қажет ететін оқушылардың үйіне мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері барып, құттықтап қайтты.