Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық көпжанрлы "MEGA-STAR " байқауының "Аспапта ойнау - Домбыра " номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын жүлделі 1 орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Өмірзақ Ертай Өмірзақұлына алғыс айта отырып, оқушымызға тек биіктерден көрінуіне тілектеспіз.
XII ғасырдан бастау алған өзін-өзі басқару ұғымы білім саласына патшаларға, императорларға және рим папаларына бағынғысы келмеген бірінші университеттердің тәжірибесінен келген. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы белсенді азаматтық тұрғыдан тәрбиелеуге және көшбасшылыққа үйренуге жақсы тәрбие ошағы болып табылады. Өзін-өзі басқару тарихы екі ғасырдың жалғасын алып жатыр. Батыста пайда болып 18 ғасырдың аяғынан бастап көптеген европалық мектептерде қолданыста бар.
9-10 сынып оқушылары «Бұл палата мектепте өзін-өзі басқару ұйымы болу керек деп есептейді..» тақырыбында пікірсайысып , өз ойларын ортаға салды.
19 қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған "АЛТЫН САҚА" олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің
5 "Д" сынып оқушысы Әбен Ердаулет жүлделі ІІ орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Зинәбдинова Самал Серікқызы.
5 "Ғ" сынып оқушысы Серікболұлы Нұрғажы ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Абдрахманова Бакыткуль Темкеновна.
6 "Ғ" сынып оқушысы Джаныбекова Айзере ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Мизамхан Рысжан.
Құтты болсын, әріптестер! Алар асуларымыз көп болғай