Бүгін: 15.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектептің футбол, баскетбол құрама командасын марапаттау сәтінен...

Психология апталығы аясында "Мұғалімдердің эмоционалды күйі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне тренинг өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің психо-эмоционалды күйін көтеру
⚽ 8-11 сыныптар арасында кіші футзалдан лига өтті. Нәтижесінде:
І орын-11 "Ә" сыныбы;
ІІ орын 10 "Б" сыныбы;
ІІІ орын- 11 "Б" сыныбы жеңіске жетіп, кубок, грамотамен марапатталды.
Ұйымдастырушылар Асалов Атабек Әуелбекұлы және Мағжан Мұратбекұлына алғыс айтамыз?
?????????????????
 
? Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
- "Щелкунчик және төрт патшалық" шоу қойылымы.
-"Шырша ойыншықтарының саяхаты" жаңа жылдық ертегісі.

2023-2024  оқу жылының І жартыжылдығы Астана қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы № 61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК үшін  жағымды жаңалықтар мен  жеңісті,жемісті толағай табыстарға толы жыл болды. Академик Қаныш Сәтбаев: «...Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді»-деп  айтқандай оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың  еңбектері өз нәтижесін берді. Ұстаздар еңбегіне тоқталып өтсек:

?Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдердің туризм мен өлкетану орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отан жолымен» өлкетану жобаларының қалалық конкурсы өткізілген болатын.
Конкурс қорытындысы бойынша мектебіміздің 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
▪️«Сөнбес жұлдыз» бағыты:
10 «Б» сынып оқушысы Сейтжан Арман жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі: Бекеева Айгүл Есенгелдіқызы.
▪️«Туризм, спорт, демалыс» бағыты:
11 «А» сынып оқушысы Кабдулманова Риза жүлделі ІІ орын. Жетекшісі: Сагиева Гүльайм Кумарбековна.
▪️«Табиғат және экология» бағыты:
5 «Д» сынып оқушысы Нәзір Гулназ жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі: қосымша білім беру педагогі Мусатаева Айсулу Болатбековна.
Мектебіміздің мәртебесі биік, абыройы асқақтай берсін!!!
???????????????????
?«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
?Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің қоржынында:
І орын - 2;
ІІ орын - 1;
ІІІ орын - 9;
Грамота - 3 бар.
?І орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 9 "Г" сынып оқушысы Сагидуллаев Алдамир І орын. Жетекшісі: Омарханов Ернур Аханович.
Ағылшын тілі пәні бойынша 11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан І орын. Жетекшісі: Букенбаева Гульмира Октябрятовна.
?ІІ орын иегерлері:
Ағылшын тілі пәні 9 "Г" сынып оқушысы Ержанқызы Нұршат.
Жетекшісі: Кадрбекова Эльмира Метановна.
?ІІІ орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 10 "А" сынып оқушысы Төкен Толғанай. Жетекшісі: Айтпаева Марал Ислямовна.
Ағылшын тілі пәні 10 "Б" сынып оқушысы Ахметжан Салтанат. Жетекшісі: Хабибуллина Жанар Буденовна.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні 9 "В" сынып оқушысы Сеилбай Айгерим. Жетекшісі: Қойбағар Ұлзат Бақытқызы.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні 10 "А" сынып оқушысы Кенжебек Тамерлан. Жетекшісі: Акимбекова Орал Жакеновна.
Математика пәні 9 "Г" сынып оқушысы Түнатар Райана.
Жетекшісі: Макумова Гулжанат Кадыровна.
Биология пәні 9 "Ә" сынып оқушысы Советов Саят.
Жетекшісі: Бухаева Дана Даулетбековна.
Биология пәні 11 "Ә" сынып оқушысы Тұрмағанбетов Ануар.
Жетекшісі: Ордабаева Гаухар Отарбаевна.
Химия пәні 10 "А" сынып оқушысы Комаров Расул.
Жетекшісі: Джабаева Эльмира Куатовна.
География пәні 9 "Ә" сынып оқушысы Досжан Сұлтан.
Жетекшісі: Пакизеева Айкерим Егембердиевна.
?Грамота иегерлері:
Құқық негіздері пәні 9 "В" сынып оқушысы Әбубәкір Абылай.
Жетекшісі: Аренова Асел Тулеухановна.
Физика пәні 9 "Г" сынып оқушысы Жакупбеков Алижан.
Жетекшісі: Жеңісхан Сауле.
Математика пәні 10 "Б" сынып оқушысы Сейтжан Арман.
Жетекшісі: Молдағалиева Мөлдір Асқарқызы.
Жүлделі орын иеленген 12 оқушымызға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз.
Алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болсын!
?????????????????
?Бүгін мектебіміздің баскетбол командасы Сарыарқа ауданы бойынша І орынға ие болса, қалалық жарыстан ІІ орынға ие болды.
"Үздік ойыншы" номинациясын 11 "Ә" сынып оқушысы Байболов Роман жеңіп алды.
Бапкері Кайркулова Жанат Алданазаровнаны және де баскетбол құрама командасын шын ❤ құттықтаймыз.
Алар асуларың асқақ, шығар шыңдарың биік болсын!
??????????????????
  
                  
Жаңа жыл мерекесі қарсаңына орай мектебімізге
? Сарыарақа ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Абдиров Ербол Алсеитович;
? біздің мекемеге тікелей бекітілген жедел құзыреттілі полиция майоры Кобенбеков Нурбол Бигалиевич;
? 66-ПБ басқармасының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Самеков Ердаулет Садуакасович;
? учаскелік инспектор, полиция капитаны Турсынов Нурсултан Бакытович 8-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу, Жаңа жылдық жарылғыш заттардың қолдану қауіптілігін ескерту жұмыстарын жүргізіп, дәріс өткізді.