Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 15.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қалалық "Астана батыры 2024" чемпионатында Кекушинкай каратэ чемпионатында 30 кг салмақ дәрежесінде 5 "Ғ" сынып оқушысы Алдаберген Анел ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Ақпанов Рустем Нурланович.
Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 7 "А" сынып оқушысы Алмасұлы Алдияр 48 салмақ дәрежесінде 1 орынға ие болды.
Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 11 "Ә" сынып оқушысы Тұрмағанбетов Ануар гала финалының жеңімпазы атанып, 50 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 11 "Б" сынып оқушысы Ермеков Алдияр І орынға ие болды.
Жеңімпаз оқушыларымызды МЕКТЕП ҰЖЫМЫ шын жүректен құттықтайды!
"Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №61 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде қазақтың біртуар перзенті, ғұлама-ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Әлем таныған Қаныш" республикалық ғылыми-конференциясын өткізетіндігін хабарлайды.
Конференция мақсаты - Қаныш Сәтбаевтың мұрасын насихаттау және жаңа буынының көшбасшылық, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
Конференцияға екі форматта қатысуға болады: (оффлайн, онлайн).
Баскетболдан 2011 жылғы ер балалар арасында өткен қалалық жарыста №61 мектептің ұлдар командасы ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Кайркулова Жанат Алданазаровна.
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді.
2 ақпан күні мектепалды даярлық сыныптарында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты білім сайысы өткізілді.
Мақсаты: Балалардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды білуге, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
«Сөз мәйегі-мақал» дегендей сайыс барысында оқушылар ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері жатқа айтып, ойларын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға талпынды. Балалардың ана тілінде сөйлеу шеберлігі артып, сөздік қоры молайды.