Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
?"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" "Өнер мен құндылықтар" жобасы аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы қалалық "Күмбірлеген домбыра үні" өнер байқауының "Домбыра" номинациясы бойынша І орынға ие болған 10 "А" сынып оқушысы Төкен Толғанай ДИПЛОММЕН марапатталды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Жетістігіміз құтты болсын!
   
⚽️ Павлодар қаласында өткен 2012 жылғы балалар арасындағы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған республикалық "FC_ASTANA-2013" турнирінде мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Асланбек Абубакр қатысқан команда ІІ орынға ие болса, оқушымыз "Үздік қақпашы" номинациясын жеңіп алды.
Оқушымызды құттықтай отыра, бағындырар белестерің биік болсын деп тілек білдіреміз!
  

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған челленджді ағылшын тілі бірлестігі қазақ тілі бірлестігіне жолдайды.

 

 
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы:
1. Қолданбалы математика секциясы бойынша 11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Макумова Гулжанат Кадыровна.
2. ТАРИХ секциясы бойынша 9 "Ә" сынып оқушысы Советов Саят жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Абжанов Серикжан Тулеужанович.
3. Ағылшын тілі (Тілтану) секциясы бойынша 10 "А" сынып оқушысы Комаров Расул жүлделі ІІІорын иеленді. Жетекшісі: Сабира Кендебаевна.
4. Әдебиет секциясы бойынша 8 "Ә" сынып оқушысы Қанат Сұңқар жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Айтпаева Марал Ислямовна
Грамота иегерлері:
Экономика бағыты бойынша 10 "Ә" сынып оқушысы Досалы Даниал. Жетекшісі: Максымбаев Мадияр Сайдашұлы.
Өлкетану бағыты бойынша 11 "А" сынып оқушысы Кабдулманова Риза. Жетекшісі: Сагиева Гульайым Кумарбековна.
Оқушыларымыздың жетістіктері құтты болсын!
Тек биік белестерді бағындыра берсін!
???????????????
Қымбатты оқушылар!
Кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдеби кітаптармен таныс болыңыздар!
Сіздерді кітап оқуға шақырамыз!

https://www.facebook.com/100043153909517/videos/288932814144414/

Қаныш Сәтбаев атындағы #61 мектеп-лицейінде ,, Жасанды болғым келмейді..." деп аталатын автормен кездесу кеші ұйымдастырылды.
?Кешке халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақынымыз, белгілі ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баянғали Ғалымжанұлы қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар ақыннның ,,Үзіліп түскен тамшы бұл..." атты өлеңдер жинағынан жыр шумақтарын оқып, өлең оқуға деген ынталарын танытты.
?Сондай-ақ автордың ой-пікірін тыңдап, ақынның өзі айтқан тамаша естеліктермен танысты.

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаментінің прокуроры В.Ли және Алтынбай Айжан Алматқызы мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу туралы дәріс өткізді.

  

 

?Кітап- білім бұлағы.
? Кітап білімнің қайнар көзі.
?Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді.
?Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді.
?Кімде де кім білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытқысы келсе, кітап оқығаны дұрыс. Ал кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.
Жас блогер Жанбол Нұрмұханның ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ бойынша "3 сұрағыма жауап берсең, 10 000 теңге сіздікі" ойынына мектебіміздің 6б сынып оқушысы Кәмелбекұлы Бейбарыс қатысып 10 000 теңге ұтып алды.
Оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз?????
Білімді шәкірттеріміз көп болсын?
 
"Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы мен "Зерделі" ақыл-ой орталығымен бірлесе ұйымдастырған математика пәнінен "Алтын түлек" олимпиадасының өңірлік кезеңіне мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар:
✅11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан жүлделі І орын иеленіп қалалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Макумова Гулжанат Кадыровна.
✅11 "Б" сынып оқушысы Оралбаева Арнұр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Рахимбердинова Сауле Айдарбековна
✅10 "А" сынып оқушысы Комаров Расул ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Ұзаққызы Нұрбану.
✅10 "Ә" сынып оқушысы Досалы Даниал ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Зинәбдинова Самал Серікқызы.
Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтай отыра, биік белестерді бағындырар береді деген ниеттеміз.
??????????????????