Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
♻️ Бүгін 10- сынып қыздарымен "АШЫҚ АЛАҢ" (әңгімелесу) өткізілді.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Формасы: ашық әңгіме.
Қатысушылар "Мен қандаймын?" ойыны арқылы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін айтты. "Қызға қырық үйден тыйым" баяндамасы оқылды. Сонымен қатар видео көрсетіліп, сұрақ-жауап алынып, "Банкомат" әдісі арқылы ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.
Соңында «Көгершін» әдісі арқылы кері байланыста жоба басында айтылған өз бойларындағы кемшіліктерін түзеу үшін, қандай әрекет ету керектігін параққа жазып, көгершін қанатына байлады.
Ашық алаң қатысушылар үшін маңызды кездесулердің бірі болды.
"Кыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердін керкі" демекші қыздарымыз біздің болашак анамыз деп, қыздарды батырлыкқа. үяндыкка, батылдыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген жөн.
 
 
Астана қаласы бойынша кiшi жасөспірімдер мен балалар арасында кикбоксингтен ашық клубтық турнирiнде 2010-2011 жас тобында 51 кг салмақ дәрежесінде 7 "А" сынып оқушысы Алмасұлы Алдияр 🥇дәрежелі дипломмен марапатталды.
Алмасұлы Алдиярды жеңісімен құттықтаймыз.
👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏
 
2024 жылы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу бекітілді.
Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау.
 
❇️ «Сынып жетекшінің рөлі- тәрбие жұмысының негізгі тетігі» тақырыбындағы коучинг.
💠 Мақсаты: тәрбиелік іс- шараларда, мектеп өмірінде, сынып сағаттарында, тәрбие сағаттарында оқушылардың белсенділігін арттыру, әр оқушының мүмкіндігіне, қабілетіне, қызығушылығын анықтай отыра, жеке тұлғаға бағытталған қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімге көмек беру, интербелсенді әдістермен бөлісу.
 
 
 

 

🌀Бүгін мектеп директоры Омарханов Ернұр Аханұлы "Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды оқытқанда нені ескеру қажет?" тақырыбында коучинг өткізді.
✔️Ұстаздар теориялық білімдерін практикамен ұштастырды. Ойларын ортаға салып,пікір алмасты.
 
 

 

Мектептің футбол, баскетбол құрама командасын марапаттау сәтінен...

Психология апталығы аясында "Мұғалімдердің эмоционалды күйі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне тренинг өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің психо-эмоционалды күйін көтеру