Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🔗Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
 
«Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны». Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады?» Тренинг.
 
 
 
🌡🧪 Химия пәнінен практикалық жұмыс.
Тақырыбы: Сұйытылған күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін оқып-үйрену.
Пән мұғалімі: Джабаева Элмира Куатовна.
Сынып: 9 "Ғ" .
Бүгін 2-4 сынып оқушылары арасында «Сөз – ғажайып әлем» мектепішілік байқауы өтті.
Байқау 3 бағыт бойынша ережеге сәйкес өткізіліп, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.
Байқау нәтижесі:⏩
• Мықты болсаң тауып көр» номинациясы бойынша:
І орын - Ясын Рамазан 4 «А» сынып оқушысы;
ІІ орын – Алибай Балауса – 4 «Ә» сынып оқушысы;
ІІІ орын – Мыңбай Ақторғын - 4 «Г» сынып оқушысы;
Белсене қатысқан оқушылар:
Темеш Бақдаулет – 4 «Б» сынып оқушысы;
Жүніс Інжу – 4 «В» сынып оқушысы;
*********************************************
• «Сөз мәйегі» номинациясы бойынша:
І орын Бейсен Іңкәр – 3 «А» сынып оқушысы;
ІІ орын Қалдыбай Карима – 3 «Ә» сынып оқушысы;
ІІІ орын Амангелді Аруана – 3 «В» сынып оқушысы.
• «Ұшқыр ой» номинациясы бойынша :
І орын Бухаев Нурислам – 3 «А» сынып оқушысы;
ІІ орын Көбей Айару – 3 «Ә» сынып оқушысы;
ІІІ орын Серикбаева Инабат – 2 «В» сынып оқушысы.
І орын алған Ясын Рамазан, Бейсен Іңкәр, Бухаев Нурислам қалалық байқауға жолдама алды.
Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларды және де жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏
Бүгін 6-сынып оқушыларымен «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіну, халықаралық қатынастардың дамуындағы рөліне баға беру.
☑️Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.
☑️«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен.
☑️Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Кәсіптік бағдар беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген "Спорт үміттері" атты білім беру ұйымдары арасындағы спорттық сайыстан мектеп командасы І орын алды.
Жетекшісі Мырзахметов Нуржан Адилович.
Құттықтаймыз!👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏
 

"Бөліп шығару " бөлімі бойынша БЖБ жобасы. Пән мұғалімі Ордабаева Гаухар Отарбаевна. 8 "Ә" сыныбы.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
🔺 Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы зиянкестер зиянды сілтемелерді пайдаланып, "Whats App" мессенджеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асыру арқылы олардың атынан ақша қаражатын қарызға беруді сұрайтын өтініштерінің жиілеп кетуіне және қандай да бір оқушының немесе азаматқа дауыс беру сілтемелеріне кері байланыс берулерден абай болуларын сұрайды!
Сіздің қауіпсіздігіңіз сізге ғана байланысты екенін есте ұстаған жөн!
💊💉Астана қаласы №5 қалалық емхана жанындағы "Шуақ" жастар денсаулық орталығы 9, 11-сынып оқушыларына "Пневмококты инфекция" тақырыбында дәріс өткізді.
-Пневмококктік инфекция дегеніміз не?
-Пневмококктік инфекция қандай ауруларды тудырады?
-Пневмококктік инфекция қалай тарайды?
-Аурудың алдын алу жолдары тақырыбында оқушыларға кеңінен түсінідіріліп, сұрақ-жауап алынды.
  
 
Астана қаласы Мектепішілік және студенттік Парламентінің «Қар десанты» еріктілер эстафетасы.
🔹 Эстафета мақсаты – жастарды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
🔹 Эстафета міндеті:
• Мектеп және елорда аудандары бойынша әлеуметтік нысандарының алаңдарын қардан тазарту;
• Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
• Өзге де қоғам мүшелері мен өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.
Шахматтан өткен қалалық жарыста мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Қасенхан Нұрасыл ІҮ разрядты қорғау бойынша 🥈 орын иеленсе, 4 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Тәңірберген ІҮ разряд нормасын орындап сертификатқа ие болды.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлын және жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз.
🥈🏆🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈