Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын "Аспаптық өнер" номинациясы бойынша 10-12 жас аралығында өткен қалалық сайыстан II орын иеленді. Жетекшісі:Өмірзақ Ертай Өмірзақұлы.
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Ғанимет Айдана заманауи би "KUNOICHI" номинациясы бойынша І орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Бауыржанқызы Аяулым.
Мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан Халықаралық IELTS ONLINE TEST емтиханын тапсыру барысында, 9 балдық деңгейдің 8,5 балын жинап, жоғары көрсеткіш көрсетті.
Сонымен қатар ҰБТ -ның ақылы кезеңінде 128 балл жинады.
Баскетболдан Қазақстан Республикасы Чемпионаты 2006 жылғы ер балалар арасында өткен жарыста мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Байболов Роман және 11 "А" сынып оқушысы Әлібек Баймұса І орынға ие болып, Республика Чемпиондары болды. Бапкері Кайркулова Жанат Алданазаровна.
Қалалық "Астана батыры 2024" чемпионатында Кекушинкай каратэ чемпионатында 30 кг салмақ дәрежесінде 5 "Ғ" сынып оқушысы Алдаберген Анел ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Ақпанов Рустем Нурланович.
Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 7 "А" сынып оқушысы Алмасұлы Алдияр 48 салмақ дәрежесінде 1 орынға ие болды.
Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 11 "Ә" сынып оқушысы Тұрмағанбетов Ануар гала финалының жеңімпазы атанып, 50 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 11 "Б" сынып оқушысы Ермеков Алдияр І орынға ие болды.
Жеңімпаз оқушыларымызды МЕКТЕП ҰЖЫМЫ шын жүректен құттықтайды!
"Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №61 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде қазақтың біртуар перзенті, ғұлама-ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Әлем таныған Қаныш" республикалық ғылыми-конференциясын өткізетіндігін хабарлайды.
Конференция мақсаты - Қаныш Сәтбаевтың мұрасын насихаттау және жаңа буынының көшбасшылық, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
Конференцияға екі форматта қатысуға болады: (оффлайн, онлайн).