Бүгін: 16.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🧑‍💻Мектепшілік «Үздік жас маман -2024»байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
-жас педагог кәсібінің мәртебесін арттыру;
- білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;
- кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар жас маманды анықтау;
-шығармашылықпен жұмыс атқаратын жас ұстаз бен тәлімгерлеріне қолдау көрсету.
-жас маманның үздік тәжірибесін тарату.
«Үздік жас маман - 2024» байқауы екі кезеңмен өтті.
І кезең «Үздік ашық сабақ» сайысы.
ІІ кезең «Таланттар тандемі: ұстаз- тәлімгер дуэті» сайысы .
Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін 3 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың берілген тапсырмалары мен бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалап отырды. Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады.
Бас жүлде, 1, 2, 3- орындар мен номинациялардың иегерлерін марапаттады.
🖊2024 жылдың 16 сәуірінде Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей базасында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаевтың геология мен Қазақстан ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі» тақырыбында қала мектептерінің (Сарыарқа ауданы мектептері) 10-сынып оқушыларына арналған эссе байқауы өткізілді. Байқауға Сарыарқа ауданы мектептерінен 15 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Азаматқызы Жаннұр;
ІІ орын Нәзір Төреқұлов атындағы № 35 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Кинаят Дархан;
Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп – гимназиясының 10-сынып оқушысы Рамазанова Нұрайлы.
ІІІ орын № 60 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Рымбай Нұрай;
№ 36 орта мектептің 10-сынып оқушысы Уткеева Камила
Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сатыбалдиева Анеля.
Сонымен қатар жүлделі орын алған оқушылар Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен және сыйлықтарымен марапатталды.
👩‍💻Мектебімізде шығармашыл педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында "Үздік ашық сабақ" конкурсы ұйымдастырылды.
Комиссия құрамының шешімімен
▪️Бас жүлде - бастауыш сынып мұғалімі Рыскулова Саргаукуль Қырғызбайқызы;
▪️I орын- көркем еңбек пәні мұғалімі Жумабекова Камшат Куптилеуовна;
▪️ II орын- тарих пәні мұғалімі Абжанов Серикжан Тулеужанович;
▪️III орын - казак тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Айтпаева Марал Ислямовна мен география пәні мұғалімі Ахметова Айжан Мухамедхариевна иеленді.
Құттықтаймыз! Білімді де, білікті ұстаздарымыз көп болсын!
 
🏀Өзбекстан елі Номанган қаласында Баскетболдан өткен Халықаралық турнирде Астана құрама командасы ІІ орын алды.
Команда құрамындағы МЕКТЕБІМІЗДІҢ 9 "Г" сынып оқушысы Сағидуллаев Әлдамир да ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
 

УПП-66 жауапты полиция майоры Самеков Е.С., Сарыарқа ауданы бойынша жедел әрекет етуші полиция майоры Кобеков Н. 9-10 сынып оқушыларына "Киберқауіпсіздік" тақырыбындағы дәріс өткізді.

 

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелі орталык әдіскерлері мектебімізде біліктілік санатын көтеретін ұстаздардың сабактарына қатысып,әдістемелік көмек көрсетті.

 

 

Астана қаласы №5 қалалық емханасының "Шуақ" жастар денсаулық орталығының психологтары 7- сыныптарымен "Имунизация" тақырыбында дәріс өткізді.

Мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Шоқан Ғалы - Арслан Қазақстан U- 19 құрамасына шақырту алып, 2025 жылы өтетін Европа, Әлем Чемпионатына жолдама алды.
Жаттықтырушылары: Асалов Атабек Әуелбекұлы, Мұратбек Мағжан.
Құттықтаймыз!!!
👏👏👏👏👏👏👏👏