Бүгін: 27.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мектебіміздің 10 "А", 10 "Ә" сынып оқушыларын жаратылыстану мұғалімдері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің химия, биология пәндерінің лабораториялық кабинеттерін таныстыру және де оқушыларды мамандыққа баулу мақсатында апарып көрсетті.
Оқушылардың агроном саласына деген көзқарастары кеңейіп, ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.
Бүгін мектеп кітапханасында наурыз күніне арналған "Наурыз - думан" атты кеш 6 "Ә" сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Барысы:
1. Наурыз думан.
2. Дүниежүзі халықтарының мерекесін тойлау дәстүрі.
3. "Сен салт-дәстүрді білесің бе?" жасырын сұрақ ойын.
4. Ата салтың қазынаң. Ән: "Қазақы дастарханым".
5. Наурыз бата.
Мерекелік кешке белсене қатысып, өз өнерлерімен бөлісті.
  
 
 
Мақсаты – жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау.
Міндеттері:
-Балаларға ұлттық би өнерін көрсету.
-Жас ұрпақты ұлттық мәдениетке, ұлттық киімдерге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
 
♟Шахматтан қалалық жарыста Ү разряд қорғауда мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
І орын - Тасболат Тимутшын 3 "Б" сынып оқушысы;
І орын - Нұрлан Ақназар 1 "Б" сынып оқушысы;
ІІ орын - Нишанбек Тамерлан 3 "А" сынып оқушысы.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлын және жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!
  
Pro eco республикалық конкурсының қалалық кезеңінде "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Нурмаханов Жангелді жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Пакизеева Айкерим Егембердиевна.
Алар асуларымыз көп болғай! 🙌🏻