Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 16.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай 2010-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Бокстан республикалық ашық біріншілігі өткізіліп, мектебіміздің бірнеше оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:
І орын Болатбек Еркебұлан 8 "Г" сынып оқушысы;
І орын - Аманбай Амир 5 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІ орын - Сагатов Абылайхан 4 "Г" сынып оқушысы;
ІІІ орын Сагидуллаев Илияс 6 "Ғ" сынып оқушысы;
ІІІ орын Асылханұлы Оразали 6 "Ә" сынып оқушысы;
ІІІ орын Әбдукарім Мұхамет 8 "Г" сынып оқушысы.
Жаттықтырушысы Болатбек Жансерік Алмуханбетұлын және жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
"Күй күбірі" республикалық домбырашылар челленджі.
МАҚСАТЫ - білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.
Домбырашылар ЧЕЛЛЕНДЖІ – балалар мен жастардың, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны танымал ету.
ДОМБЫРА – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы. Сондықтан өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін лайықты түрде жалғастыруы керек.
Сондықтан өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін лайықты түрде жалғастыруы керек.
Бүгін Астана қаласы Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында мектебіміздің "Бастау" би тобы «DANCE STARS» халықаралық би байқауында "ДУМАН" биімен 12-14 жас аралығында І ОРЫН ИЕГЕРІ және де "Ұйқыдағы ару" биімен 8-10 жас аралығында І ОРЫН ИЕГЕРІ атанды.