Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
?«Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.
Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» Б. Момышұлы
? Бүгін мектебімізде «АЛТЫН САҚА» республикалық челленджі өткізілді.
Челлендж мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу.
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады.
 
 
Бүгін 9 "Ә" және 9 "В" сынып қыздарымен "АШЫҚ АЛАҢ" (әңгімелесу) өткізілді.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Формасы: ашық әңгіме.
Қатысушылар "Мен қандаймын?" ойыны арқылы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін айтты. "Қызға қырық үйден тыйым" баяндамасы оқылды. Сонымен қатар видео көрсетіліп, сұрақ-жауап алынып, "Банкомат" әдісі арқылы ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.
Соңында «Көгершін» әдісі арқылы кері байланыста жоба басында айтылған өз бойларындағы кемшіліктерін түзеу үшін, қандай әрекет ету керектігін параққа жазып, көгершін қанатына байлады.
Ашық алаң қатысушылар үшін маңызды кездесулердің бірі болды.
"Кыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердін керкі" демекші қыздарымыз біздің болашак анамыз деп, қыздарды батырлыкқа. үяндыкка, батылдыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген жөн.
?‍✈️Сарыарқа аудандық полиция аудандық учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рысбеков Алтынбек Мерекеұлы және бөлім басшысы, полиция майоры Самеков Ердаулет Нұрмаханбетұлы 8-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Дәрісте ҚР әкімшілік құқықбұзушылық заң баптарынан оқушыларға қатысты үзінділерден мысалдарды келтіре отырып, ашық сұхбат өткізілді.
    

✍️❗️ Қызылша-әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Инфекцияның алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт - 7-14 күн.
Егер адам вакцинация алмаған болса және бұрын қызылшамен ауырмаған, бірақ науқаспен байланыста болса, онда аурудың ықтималдығы 100% құрайды.
Белгілері: температура 38-40 градус, қатты әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, кейінірек конъюнктивит пайда болады, бет, мойын және қолда бөртпе пайда болады.
Қызылша ауа тамшылары арқылы беріледі.
Қызылшаға шамалы күдік болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Қызылшаның алдын алудың сенімді және тиімді әдісі - вакцинация.
  

Мектеп президентін ұлықтау рәсімі және парламент мүшелерін таныстыру сәті.

  

                                

✍️Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
Қараша айының 11-і күні 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
Негізгі 11 пән бойынша өткен олимпиадаға, 9-11 сынып оқушыларынан 98 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
Олимпиада барысында оқушылар академиялық адалдық сақтады.

 

  

 

?? Бүгін мектебімізде ақын Марфуға Бектемірованың өлеңдерінен мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты: кітап оқуды насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту.
Қорытынды нәтижесінде:
І орын Адилбек Архат - 6 "Г" сыныбы;
ІІ орын Закирджанова Жулдыз - 5 "Д" сыныбы;
ІІ орын Қайдар Дария - 5 "Ғ" сыныбы;
ІІІ орын Қанат Сұңқар - 8 "Ә" сыныбы;
ІІІ орын Қанат Көркем - 5 "Д" сыныбы;
ІІІ орын Құнанбай Абылайхан - 5 "А" сыныбы.
Барлық орын иегерлері МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ мадақтамасымен марапатталды.
  
    

Астана қаласы №5 қалалық емханасының "Шуақ" жастар денсаулық орталығының психологтары 8а,8ғ сыныптарымен "Топтың бірігуі және тиімді өзара әрекеттесуді құру" тақырыбында тренинг өткізілді.