Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
?? 25 қазан - Республика күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" атты іс-шара 7 "Г" сыныбымен өтті.
Мақсаты: оқырмандардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін бойымызға сіңіріп, балаларымызды ұлттық, азаматтық сезімге баулу.
Оқушыларымыз туған жеріміз туралы ақпарат алмасу үшін 4 топқа бөлінді:
1️⃣ Отан туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіру;
2️⃣ Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып мағынасын ашу;
3️⃣ Бәйтерек монументі туралы ақпарат беру;
4️⃣ Туған жер, Отанымыз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Астана қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей дефектолог бос лауазымына орналасуға 23.10.2023-02.11.2023 аралығында конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілу күні 03.11.2023 сағат 15-00.
Конкурстың өткізілу орны: Конституция көшесі, 33 үй.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан және наркологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) соттылықтың болмауы туралы анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Егер сіз білімді де, білікті маман болсаңыз біз сізді күтеміз!
Байланыс нөмерлері: 87783579852; 87755142775
?? Мектебімізде МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНІҢ сайлауы өткізілді. Президенттікке 8 білім алушы үміткер болды.
Сайлауда 8-11 сынып оқушылары дауыс бере алды.
Қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, ілінді.
? Нәтижесінде 170 ұпай жинаған үміткеріміз 10 "Ә" сынып оқушысы Аманбай Санжар МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ болып сайланды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Мерекелі алтын күз» мерекесіне арналған іс-шара жоспары

Мақсаты:  Күзгі табиғат ерекшеліктерімен, күз өнімдерімен таныстыру.

Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Мерекелік көңіл-күй орнату.

 

Іс-шара атауы

Мерзімі

Сыныптар

Өтілетін орны

Жауаптылар

1

"Күз- мереке, күз -байлық!"  көрме.

16.10-20.10.2023

1-11

1 - қабат,    2- қабат

Сынып жетекшілер, технология мұғалімдері

2

«Берекелі, мерекелі алтын күз» сайыс

18.10-20.10.2023

2-4

Оқу кабинеттері

ДТІЖО

А.К.Дутбаева

Сынып жетекшілер

3

«Аяулы күз , алтын күз!» жәрмеңке.

17.10.2023

5-7

Фойе

1-қабат

Сынып жетекшілер

4

«Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайыс

20.10.2023

8-9

Акт залы

Сынып жетекшілер

 

Мектеп президенттігіне үміткерлер:
-Аманбай Санжар - 10 "Ә" сынып оқушысы;
-Ертаева Дильназ - 9 "Г" сынып оқушысы;
-Ғұбайдолла Әдемау -9 "А" сынып оқушысы;
-Садық Ділназ - 9 "Г" сынып оқушысы;
-Мырзабек Ділназ - 9 "Ғ" сынып оқушысы;
-Доспаева Айымай - 9 "Ғ" сынып оқушысы;
-Комаров Расул -10 "А" сынып оқушысы;
-Көшен Айханым -10 "а" сынып оқушысы.
Үміткерлерімізге қолдау білдірейік❗❗❗
  
                         
                        
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
? 20 қазан күні мектебімізде «Мектеп Парламенті» президенттігіне сайлау өтетінін хабарлаймыз!
? Үміткерлер (9-10 сынып оқушылары) мектептің оқу-тәрбие жұмысына, қоғамдық іс-шараларына белсенділік танытатын оқушылар болу керек.
? Қатысушы үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен өзін-өзі басқару ұйымына үлгіге сай тапсыру керек!
Байланыс телефоны: 8 778 173 68 93
  
 
?"Рухани мұра жалғасы" XIV ұлттық дельфий ойындарында жоғары өнер көрсеткені үшін мектебіміздің "Шабыт" ансамблі АРНАЙЫ ДИПЛОММЕН марапатталды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлын және де өнерпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
 
   
 
?Тілдер мерекесіне орай 8 "Ә" сынып оқушылары ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНА барып "Кітап time" жалпы республикалық фестивалінің ашылуына қатысты.
? Айтулы шараның мақсаты- кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімін арттыру.
? Шара барысында 2023 жылғы мерейтой иелерінің кітаптарына арналған «Кітап-дефиле» ұйымдастырылып, ақын Қарлығаш Қабайдың "Бәлкім өміріміздің ең үлкен көтерілісі" атты позия кеші көрсетілді.
?Сондай-ақ аталмыш шарада филолог, 11 кітаптың авторы Инна Каулина, журналист, телемаман Айкерім Есенәлі, тренер Арман Досмухамбетов және де басқа да мәдениет қайраткерелрі қатысты.
   
                                                   
?Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің привенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Ерсінқызы жалпы білім беретін мекемелерде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту бойынша МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА дәріс өткізді.
? Бұл барысында келесі тақырыптар талқыланды:
1) Сыбайлас жемқорлық ұғымы.
2) Сыбайлас жемқорлықтың зияны неде?
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Сондай-ақ, кездесу барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға СЫЙАҚЫ беру шаралары туралы да айтылды.
Сыйақы тек расталған деректер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енген сәттен бастап, айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыстық іс негізсіз негіздер бойынша қысқартылған кезден бастап төленеді.
Мектеп ұжымы мұғалімдер тарапынан Алмагүл Ерсінқызына сұрақтар қойылып, пұшымды жауаптар алынды.
Егер сыбайлас жемқорлық көріністері туындаса 1424 Call-орталығына жүгіне алады және де әрбір факт тексеріледі.
 
Мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Саматқызы Нұрсезім, 7 "Б" сынып оқушылары Абишев Жансұлтан, Тулеутай Алижан, Саматов Нұртас "Koktal Run" жүгіру марафонына қатысқаны үшін топ 10 қатарына еніп, МЕДАЛЬҒА ие болғандары үшін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!?
Сонымен қатар сынып жетекшілері Төлеуова Ляззат Саятқызы мен Малкаждар Айгелді Аманкелдіұлын да оқушыларды ұйымдастыруда белсене атсалысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.